2022 жылдың 26 сәуірінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің базасында «Инфекциялық бақылау. Инфекциялық қауіпсіздік» тақырыбына 2 курс студенттері –Баграмова Айгерим (2б тобы), Ермекбай Ақмарал (2а тобы) қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті: 1 кезең. Үй тапсырмасы «Жұмыс орнындағы медбикенің қауіпсіздігі» бейнеролигі 2 кезең. Қатысушылардың олимпиаданың жазбаша алынған тапсырмаларын орындауы: • Медициналық ұйымдарда қолданылатын қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша терминдердің глоссарийін жасау. • «Жалпы тап» логикалық интеллектуалдық тапсырма. • Проблемалық-ситуациялық есептерді шешу. • «Медициналық ұйымдарда қолданылатын дезинфектанттар» тақырыбында жарнамалық постер жасау. Олимпиадаға барлығы 56 адам қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 орын – Баграмова Айгерим (жетекшісі – Сламбекова М.Ж.) мен Ермекбай Ақмарал (жетекшісі – Каниева А. А., Толыкбаева А. С.). Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!