2022 жылдың 27 сәуірінде Павлодар жоғары медициналық колледжінің базасында Павлодар облысының, ТМД елдеріжәнеҚазақстан Республикасы медициналық колледждерінің студенттеріне арналған халықаралық қатысумен «Халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты: медицина саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыру және медицина мамандарын даярлау сапасын арттыру және 21 ғасыр медицинасындағы инновациялық технологияларды зерттеу және пайдалану бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу. Конференцияға «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 2-курс студенттері А.Боль, В.Браун, В.Грязных, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша –А.Баграмова, Д.Коккозова, А. Хасеновжәне «Мейіргер ісі» 1 курс студенттері –А. Амангелдиева, М.Охтенко Конференция жеңімпаздары: №1 бөлім. «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ»: Боль Артур (3-дәрежелі диплом) (жетекшісі – Окатаева Б.Ж.) №2 бөлім. «МЕДИЦИНАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»: Грязных Вероника (2-дәрежелі диплом) (жетекшісі -Сламбекова М.Ж.) №5. «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»: Амангелдиева Айман (3-дәрежелі диплом) (жетекшісі – Окатаева Б.Ж.) Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Әрі қарай да көп жетістіктер тілейміз!