Ар-намыс кодексі

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Екібастұз медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Екібастұз медициналық колледжі студенттерінің

ар-намыс кодексі

Мен, Екібастұз медициналық колледжінің студентімін, Колледждің біліктілігі жоғары, адамгершілігі мол мамандарды даярлау бойынша миссиясын жүзеге асырудағы өзімнің жауапкершілігімді түсіне отырып, студенттік қоғамдастықтың корпоративтік мәдениетін қолдауды және дамытуды, жетекші білім беру мекемесі мен Қазақстанның кәсіби кадрларын даярлау орталығы ретінде Колледж имиджін сақтауды парызым деп есептей отырып, Колледжі студентінің ар-намыс Кодексін қабылдаймын және оны мінсіз орындауды міндетім деп танимын.

1-бап. ҚР қолданыстағы заңнамасын, колледж Жарғысын, ішкі тәртіп ережесін және Колледждің басқа да нормативтік актілерін сақтау.

2-бап. Студенттік қауымдастықта өзара сыйластық пен сенімді, жоғары  мәдениетті қолдауға    көңіл бөлу.  Кез-келген туындаған  түсінбеушілікті дұрыс шешуге тырысу және басқа студенттерге   әлімжеттік көрсетуге жол бермеу.

3-бап. Оқу үдерісінде әділетсіздік, адамгершілікке жат қасиеттер, немқұрайлылық болмау керектігін  ескере отырып,   оқыту мен білімді   бақылаудың барлық түрлеріне жауапкершілікпен қарау.

4-бап. Оқытушыларға, қызметкерлерге, Колледж әкімшілігінің өкілдеріне мейірімділік таныту, оларды тегімен атауға жол бермеу және дөрекелік көрсетпеу.

5-бап. Колледж мәртебесіне немесе  студенттік қауымдастықтың беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттен аулақ болу.

6-бап. Әр түрлі зиянды қылықтардан бас тарту.

7-бап. Колледждің мүлкін сақтауға ниет білдіру және вандализмге жол бермеу.

8-бап. Сыртқы киім  үлгісі этикалық нормаларға  сай болуы қажет және оқытушылардың немесе студенттердің көңілін аудармауы, сабаққа кедергі келтірмеуі керек.

9-бап. Елдегі тәртіптің тұрақсыздануына әкеп соғатын ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.

10-бап. Колледж студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, колледждің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады.

11-бап.  Колледжде және оның аумағынан тыс жерлерде де заңға қайшы әрекеттерге жол бермеуге тиіс.