Жолсілтеме

Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Екібастұз медициналық колледжі» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Студенттің бағыттаушы  анықтағышы

 

Екібастұз қаласы -2021ж.

  1. ПАСПОРТ

«Екібастұз  медициналық колледжі»ҚМКК

 

Құрылған жылы 1976жыл
Жалпы аумағы 3302шаршы м.
Жобалық

Қуаттылығы

560 орын
Студентердің жалпы саны

2021-2022оқу жылдары

1 семестрінің басындағы жағдай бойынша

Барлығы -470адам, олардың ішінен күндізгі бөлімде  –470адам, сыртқы бөлімде  – 0 адам.

 

Мамандықтары бойынша:

09120100    «Емдеу ісі»

09130100    «Мейіргер ісі»

09130200    «Акушерия ісі»

09160100    «Фармация»

Қызмет

субъектісі

Білім беру қызметтері
Оқу -материалдық базасы: Барлығы -31 кабинет, 0-зертхана, 0- шеберхана, 3-компьютерлік сынып, 20 орындық асхана, 60  орындық акт залы, 25 орындық спортзалы.
Педагогтардыңсапалық құрамы: Барлығы  – 54 инженерлік – педагогикалыққызметкерлер, олардың ішінен – 38 оқытушы, 0-тәжірибелік оқыту шеберлері

Жоғары санаты – 7(17%), бірінші санаты – 6 (15%), 2 санаты барлар – 10 (25%)

 

 
 

2021-2022жылдарға перспективалар

1.    Оқытушылардың біліктіліктерін арттыру және оларды халықаралық деңгейде оқыту.

2.    Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту.

3.    Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің колледжі мен жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестікті жалғастыру.

 

 

  1. САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

ҰРАНЫМЫЗ:«Білім арқылы пациент денсаулығына».

 

КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:Инновацияларды білім беруге, ғылым мен  тәжірибеге енгізу арқылы денсаулық сақтау жүйеі талаптарына жауап беретін орта медициналық  білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны дайындау, қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау.Облыстың денсаулық сақтау саласының орта буын медицина мамандарына сұранысын барынша және жедел қанағаттандыру, нарықтық қатынастардың талаптарымен белгіленген білім беру қызметтерін көрсету. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындауға көңіл бөлу.

 

 

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

  1. Кәсіби шеберлік – өз мамандығын терең білу, қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен және саналы түрде қарау, берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау, кәсіби деңгейін көтеру.
  2. Адамға деген құрмет – бұл басқаларға құрметпен қарау,мәселелерді ашық және мейірбандықпен талқылау, алға қойылған міндеттерді бірлесіп шешу.
  3. Тұрақты дамыту және оқыту–бұл үздіксіз алға қозғалыс жасау, біздің қызметкерлеріміздің талаптары мен қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, жастарды қолдау.

4.Ынтымақтастық – серіктестермен және мемлекеттік органдармен ашық әрекеттестік, жалпы нәтиже – колледжіміздің жетістігі үшін барлығы жауапты болатын біртұтас ұжымның жақсы үйлестірілген жұмысы.

5.Жаңашылдық–бұл барынша тиімді шешімдерді әзірлеу, енгізу және іздеу болып табылады.

 

  1. КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

1976 жылы Екібастұз қаласында «Медбике» ижәне  «Акушерство» мамандықтары бойынша медициналық  училищесінің негізі қаланды.

Білім беру орталығының алғашқы басшысы болып терапевт-дәрігер – Е.К. Ержанов  тағайындалды. Оның басшылығымен училище ұжымы, оның материалдық-техникалық базасы қалыптастырылған.

1969-1975 жылдары Павлодар медициналық училищесінің Екібастұз қаласындағы филиалын -Бай-Юн-Куй Герман Степанович басқарды. Герман Степанович –Семей институтының түлегі, «КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі».

1976 жылдан бастапжеке медициналық  училищесі ретінде құрылған.

1987 – 2013 жылдар аралығында колледж директоры Т.Ж. Ауталипов болды. Бұл уақыт ішінде айырықша өзгерістер болды.

1991 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша дайындық басталды, сондай-ақ орта  медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша білім ашылды. Мемлекеттік тілде оқыту енгізілді.

1996 жылы  училищеге – Колледж  дәрежесі  берілді.

2013-2018 жылдары аралығында  колледж басшысы – емдеу ісінің дәрігер маманы, біліктілігі жоғары санаттағы  хирургия пәні оқытушысы – Бай-Юн-Куй Татьяна Германовна болды.

2018жылдың желтоқсан айынан бастап колледж басшысының лауазымынадәрігер терапевт – Алькебаев Оразалы Адиевич  тағайындалды.

2021 жылы  2 жаңа мамандық:«Акушерия ісі»,«Фармация»  және «Күтім бойынша кіші мейіргер» біліктілігі ашылды.

Екібастұз медициналық колледжі – өңіріміздің  және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына жауап беретін орта медициналық білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі

Қазіргі уақытта колледж «Павлодар облысының білім басқармасы» ММ  берілген 2010 жылғы 28 мамырдағы № 0142062 мемлекеттік лицензиясы негізінде күндізгі оқу нысанындағы 4 мамандық бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады: « Медицина», «Мейірбике ісі»,

«Акушерлік», «Фармация».

Тәжірибе алмасу, сондай-ақ мәдениетаралық және іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында, колледж Омбы мемлекеттік медицина академиясы жанындағы Омбы мемлекеттік медициналық колледжімен (Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Омбы мемлекеттік медицина университетінің жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік бюджеттік оқу орнының колледжі) ынтымақтасады.

Бюджетке салық төлеу бойынша статистикалық мәліметтер бойынша рейтинг қорытындысы бойынша колледж «Сала көшбасшысы-2015» марапатына ие болды.

2016 жылы колледж «Білім беру саласының үздігі» дипломымен марапатталды.

2017 жылы колледж 5 жыл мерзімге аккредитациядан өтті.

 

 

 

  1. МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ОҚЫТУ

 

Мамандық шифры Мамандық атауы Біліктілік шифры

 

Біліктілік атауы Оқу мерзімі
1. 09120100 «Емдеу ісі» 4S09120101 «Фельдшер»

 

2 ж. 10 ай.

3 ж.10 ай

2. 09130100 «Мейіргер ісі» 4S09130103 «Жалпы практика мейіргері» 2 ж. 10 ай.

3 ж.10 ай

3 09130100 «Сестринское дело» 3W09130101 «Күтім бойынша кіші мейіргер» 10 ай
4 09130200 «Акушерия ісі»

 

4S09130201 «Акушер» 2ж 10ай
5 09160100 «Фармация»

 

4S09160101 «Фармацевт» 2ж 10 ай

 

  1. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚОҢЫРАУКЕСТЕСІ
Қоңырау уақыты

 

Іпара 08.30-9.15   08.30-9.20

09.20-10.05               9.25-10.15

ІІ пара 10.15-11.00               10.25-11.15

11.05-11.50              11.20-12.10

ІІІ пара 12.20-13.05               12.40-13.30

13.10-13.55               13.35-14.25

ІV пара 14.05-14.50               14.35-15.25

14.55-15.40               15.30-16.20

 

 

  1. КОЛЛЕДЖ ӘКІМШІЛІГІ

 

№ р/с Лауазымы Т.А.Ә. Телефон Кабинет / қабат
1 Директор АлькебаевОразалыАдиевич

 

75-44-62 №11

1-қабат

 

2 Директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары Джакупова Назира Калдыкановна 7544-62 №26

2-қабат

 

3 Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдразакова Камшат Жекетаевна 75-44-62 №29

2-қабат

 

4 Директордың тәжірибелік оқыту жөніндегі орынбасары Манарбекова Айымгуль Талгатовна 75-44-62 №36

3-қабат

5 Әдіскер Окатаева Баян Жалеловна 75-44-62 №38

3-қабат

6 Бас  бухгалтер Айпергенова Ирина Турсынгалиевна

 

75-43-06 №9

1-қабат

7 Заңгер Томашев Мейрам Султанович 75-44-62 1-қабат
8 Біліктілікті арттыру бөлімінің меңгерушісі Карпинская Оксана Григорьевна 74-05-88 №30

3-қабат

9 Кадрлар   жөніндегі инспектор Бейсмакова Гульнар Сапиолловна 75-44-62 №25

2-қабат

 

10 Шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Захарова Ольга Григорьевна 75-44-62 №10

1-қабат

11 Психолог Джабраилова Карина Руслановна 75-44-62 №40

4-қабат

 

 

 

 

 

 

 

  1. ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Сырқаттанған немесе басқа да дәлелді себептермен колледжге келмеген жағдайда, студент  директордың   тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен топ кураторларын хабардар етуі тиіс.   Сырқаттанып қалған жағдайда, студентемдеу – алдын алу ұйымынан анықтама әкелуі керек.Сабақта болмаған себебін растайтын құжаты жоқ студенттер оқу тәртібін бұзушы болып саналады және оларға қатысты колледждегі ішкі тәртіп ережелерімен және оқу шартымен көзделген шаралар қолданылады.

  • Колледждің оқытушыларын, қызметкерлері мен студенттерін сыйлау;
  • Өзгертілген демографиялық ақпарат (мекен-жайы, телефоны, отбасы құрамы) туралы колледж әкімшілігіне уақытылы хабарлау;
  • Аудиторияға оқытушылар, колледж басшылығы кірген кезде студент олармен орнынан тұрып амандасады;
  • Колледж мүлігіне ұқыптылықпен қарайды. Студенттерге колледж қызметкерлерінің рұқсатынсыз зертханалардан, оқу және де басқа оқу-жайлардан заттар мен жабдықтарды сыртқа шығаруға тыйым салынады;
  • Студенттер колледжде де, сабақтан тыс уақытта да басқа студенттерге қатысты мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетінің нормаларын сақтауы керек. Жаргон сөздерді қолдануға, дөрекі сөздерді қолдануға тыйым салынады;
  • Оқу ғимаратында тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу
  • Колледж студенттеріне жанғыш, жарылғыш, өмірге және адам денсаулығына қауіпті заттарды алып жүруге тыйым салынады.
  • Сағат 22:00-ден таңертеңгі сағат 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, үйден тыс жерде болуларына тыйым салынады.
  • Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына тыйым салынады.

 

Студенттердің киіміне қойылатын талаптар:

Медициналық  халат пен қалпақ, ауыстырып киетін  өкшесіз аяқ киім

Колледжде киюге тыйым салынады:

– күнделікті киім ретіндегі спорттық  костюм;

– колледжге шорты, майка, сланцы киіп келуге;

–  денесі көрінетін жұқа матадан тігілген киім киюге.

Оқу мекемесі ғимаратының ішінде тыйым салынады:

– сыртқы киім мен бас киім киіп отыруға ;

– қатты сөйлеуге, шулауға,сабақ уақытында дәлізде жүруге, музыка тыңдауға,темекі шегуге;

– ішімдік ішуге;

– студенттерге оқу үрдісі уақытында колледж сыртында жүруге.

 

 

 

  1. Білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта қабылдау

 

Колледж  білім алушыларын көшіру және қайта қабылдау «Білім алушыларды білім беру түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 өзгерістер мен толықтырулармен бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

  1. Шәкіртақымен қамсыздандыру

Колледжстуденттеріне мемлекеттік тапсырысы бойынша әр ай сайын мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады.

Мемлекеттік тапсырысы бойынша оқитын 1курс студенттеріне бірінші  семестрде  шәкіртақы тағайындалады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге стипендия емтихан нәтижелерінен кейін және оқудың барлық түрлері бойынша «жақсы» және «өте жақсы» бағаларымен тағайындалады және келесі айдың бірінші күнінен бастап төленеді.

  1. Оқуға төлем жасау тәртібі

Оқу төлемін екі тәсілмен жүзеге асыруға болады:

  • Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегіне дейін 100%
  • Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 30%, қалған сома 10 айға бөлінеді және әр айдың 15-не дейін төленеді;

Төлемді есеп айырысу шотына терминалдар арқылы және Форте банктің барлық төлем бөлімшелерінде аударуға болады.

 

  1. Оқудан шығару ережелері

Студентті оқудан шығару рәсімі директордың бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Келесі себептер бойынша студенттер оқудан шығарылады:

– өтініш түрінде жазылған к олледж директорының атына жазылған өтініші;

– студенттің оқу ақысын төлеу шартының талаптарын орындамағаны үшін;

– студент бір колледжден екіншісіне ауысқан кезде;

– Колледж жарғысы (оның ішінде тәртіп пен студенттің ар-намыс Кодексі бұзылған жағдайда);

– кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия негізінде ( кәмелетке толмаған студенттер үшін;

– академиялық қарыз үшін.

 

  1. Колледж дәстүрлері
  • Білім күні
  • «Студенттерге арнау» салтанатты іс-шарасы
  • Денсаулық күні
  • ҚР Тұңғыш Президенті күні
  • ҚР Тәуелсіздік күні
  • Жаңа жылдық бал
  • Диплом тапсырудың салтанатты кеші
  • Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара
  • Медицина қызметкерлері күні
  • Мейірбике күні
  • «Аяулы әйелдерге арналады …» концерті
  • Жеңіс күніне арналған іс-шаралар
  • Қала мен колледж аумағын абаттандыру бойынша сенбілік.

 

  1. Кітапхананың жалпы ережелері

 

Абонементті   пайдалану ережелері:

– Абонементте алынған басылымдардың әрбір данасы үшін оқырман қол қояды, кітапханашы өз кезегінде алынған әдебиетті қайтару мерзімі туралы оқырманды хабардар етеді.

– Әдебиетті пайдалану мерзімі және абонементте оқырмандардың әртүрлі санаттары үшін берілетін басылымдардың саны кітапханамен сараланады және оны пайдалану қағидаларында белгіленеді.

– Ережелер келесі шектеулерді ұсынады: оқу әдебиеті семестрге немесе оқу жылына беріледі: күндізгі бөлім студенттеріне бес данадан аспайды;

  • кітапхана қорын түгендеу кезеңінде оқырмандарды пайдалануға түгендеуден өтпеген әдебиет берілмейді;
  • ғылыми әдебиет бір айға дейінгі мерзімге және бір мезгілде бес данадан аспайтын мерзімге беріледі;
  • көркем әдебиет 15 күнге дейінгі мерзімге үш данадан аспайтын мөлшерде беріледі.

Кітапхананың оқу залын пайдалану ережесі

  • Оқырман залында басылымдарға тапсырыс берген кезде оқырмандар студенттік билетті немесе жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді. Басылымды алған кезде оқырман кітап формулярына қол қояды.
  • Жоғары сұранысқа ие құжаттардан басқа,оқу залына берілетін құжаттар мен ақпараттық материалдардың саны, әдетте, шектелмейді..
  • Энциклопедиялар, анықтамалық басылымдар, сирек және құнды кітаптар, сондай-ақ ХБА бойынша алынған басылымдар тек оқу залында беріледі.

Рұқсат етілмейді:

  • кітапханаға сырт киіммен келуге;
  • оқу залына және қосалқы қорға сөмкелері мен портфельдерімен кіруге;
  • кітапхана үй-жайындағы тәртіп пен тыныштықты бұзуға;
  • кітапханашының рұқсатынсыз қызметтік үй-жайға және кітап қоймасына кіруге;
  • Оқу залынан құжаттарды кітапханашының рұқсатынсыз шығаруға тыйым салынады. Осы ереже бұзылған жағдайда оқырмандар кітапхананы бес айға дейінгі мерзімге пайдалану құқығынан айырылуы мүмкін (мерзімді кітапхана анықтайды).

 

 

Оқырманның (пайдаланушының)құқықтары мен міндеттері

 

Пайдаланушы құқылы:

  • Студенттік билет бойынша ақпараттық-кітапханалық және библиографиялық қызметті пайдалану.
  • Кітапхана каталогтарының жүйесі арқылы кітап қорының құрамы туралы хабардар болу.

 

Пайдаланушы міндетті:

  • «Кітапхананы пайдалану ережелерін» сақтау
  • Әдебиет алу үшін студенттік билетті көрсету
  • Алынған кітап үшін кітап формулярына қол қоюға, ұқыпты қарауға, пайдаланатын кітаптарға зиян келтірмеуге міндетті.
  • Кітапханада алған басылымдарды белгілі бір мерзімде қайтару.

 

 

Кітапхананың жұмыс тәртібі:

Жұмыс уақыты: 8.30-17.30 сағ.

Түскі ас:13.00-14.00 сағ.

Демалыс: сенбі, жексенбі

Айдың соңғы күні-санитарлық.

 

 

 

 

https://instagram.com/medkoll_emk?utm_medium=copy_link