Cапа саласындағы саясаты

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Екібастұз медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

Бұл Саясат колледждің барлық қызметтерін тұтынушылары үшін бағдар болуға  бейімделген  және  сапа жүйесін  қамтамасыз ету бойынша негізін қалаушы құжат болып табылады.

ҰРАНЫ: «Пациенттің денсаулығына – білім арқылы»

КОЛЛЕДЖ  МИССИЯСЫ: Білім беру, ғылым мен тәжірибеге    инновацияларды енгізу арқылы, денсаулық сақтау жүйесі талаптарына жауап беретін орта медициналық білімі бар, жоғары білікті мамандарды  даярлау.

Болашақты болжау: жеке тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар  негізінде дайындау, дамыту және кәсіби қалыптастыру. Облыстың орта буын денсаулық сақтау медициналық мамандарына қажеттіліктерін барынша және жедел түрде қанағаттандыру, нарықтық қатынастар талаптарымен қойылған білім беру қызметтерін ұсыну. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жоғары сапасына мән беру.

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:

1.Кәсіби біліктілік – бұл өз мамандығын жоғары деңгейде меңгеру, өз міндеттерін жауапты және абыройлы атқару, қойылған мақсаттарын сапалы және уақытылы орындау, кәсіби деңгейін жетілдіру.

  1. Адамға деген құрмет – бұл өзгелерге деген құрмет, туындаған мәселелерді ашық түрде және ізеттілікпен талқылау, қойылған міндеттерді бірлесіп шешу.
  2. Үздіксіз дамыту және оқыту – бұл үзіліссіз алға қадам басу, біздің қызметкерлеріміздің таланттары мен қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, жастарға қолдау көрсету.
  3. Ынтымақтастық – бұл серіктестермен және мемлекеттік органдармен өзара ашық әрекеттестік, жалпы нәтиже үшін жауап беретін, біртұтас команданың үйлесімді жұмысы – бұл біздің колледждің табысы.
  4. Жаңашылдық – бұл аса тиімді шешімдерді іздеу, әзірлеу және енгізу.

Сапа саласындағы колледж Саясатының басты бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының тәжірибелік денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сай, білім беру қызметтерінің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету.
  • Инновациялық технологияларды енгізу және қолдану
  • Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жүріс-тұрыстың этикалық нормаларын сақтау
  • Колледждің материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарының мазмұнын бекіту және жаңарту
  • Әлеуметтік серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту

  Басшылық міндеттері:

«Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК басшылығы өзіне басқарудың барлық деңгейлерінде сапа саласында осы Саясатты тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудің міндеттемелерін қабылдайды. Саясат басқарудың барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады және қажеттілік туындаған жағдайда, талдау мен қайта қарауға жатқызылады. Бұл ретте, колледждің әрбір қызметкері өз құзыреті шегінде өз жұмысының сапасы үшін дербес жауапкершілікті атқарады.

Колледж және колледж қызметкерлерінің әл-ауқаты біздің жұмысымыздың сапасына тұтынушылардың қанағаттануымен байланысты екенін түсінеміз.