Ішкі тәртіп ережелері

  1. Жалпы ережелер

1.1 Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан ары-колледж) студенттерінің ішкі тәртіп ережелері білім беру үрдісіне, оқу тәртібін нығайтуға, оқу уақытын тиімді қолдана білуге, үлгерімді арттыруға деген саналы қатынасты тәрбиелеуге мүмкіндік беруі қажет.

1.2 Оқу тәртібі студенттердің өз оқу мәндеттерін саналы және адал ниетпен орындауына негізделеді.

1.3 Оқу тәртібі сендіру әдістерімен қамтамасыз етіледі. Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жазалау және қоғамдық ықпал ету шаралары қолданылады.

2 Студенттердің құқықтары мен міндеттері

2.1 Колледж директорының бұйрығымен оқуға қабылданған тұлға студент

болып табылады.

2.2 Студент колледждегі білім беру үрдісінің негізгі субъектісі болып

табылады.

2.3 Студенттердің құқықтары мен міндеттері колледж Жарғысымен және осы Ішкі тәртіп ережелерімен (бұдан ары-Ережелер) белгіленеді.

2.4 Колледж студенттеріне студенттік билет пен үлгерім кітапшасы беріле-ді, колледждегі оқуы аяқталған соң олар оқу бөліміне тапсырылады.

2.5 Бюджеттік қаражат есебінен орта кәсіптік білім алған студенттер бекітілген тәртіпте стипендиямен қамтамасыз етіледі.

2.6 Студенттерге білім беру бағдарламаларын игерудегі, эксперименттік және басқа да жұмыстардағы жетістіктері үшін моральдық және материалдық көтермелеудің әртүрлі нысандары тағайындалады.

2.7 Студенттердің құқығы бар:

– мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес білім алуға;

– өзін-өзі басқару органдарына сайлануға және сайлауға, колледж қызметінің маңызды мәселелерін шешуге қатысуға;

– бірінші кәсіподақ ұйымына мүшелікке қабылдануға және сайланбалы кәсіподақ органдарына, кәсіподақ конференцияларына, съездеріне делегаттар болып сайлануға;

– оқу мақсатында колледждің үй-жайлары мен жабдықтарын, оқу кабинеттерін, зертханаларын, аудиторияларын, кітапханасы мен басқа да құрылымдарын тегін пайдалануға;

– оқу жоспары шеңберінде мамандану оқытуын таңдауға;

– қосымша сабақтар мен факультативтерге қатысуға;

– колледждің ғылыми-зерттеу, эксперименттік, шығармашылық жұмысына қатысуға;

– колледж әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін заңмен бекітілген тәртіпте бұздыруға;

– заңмен бекітілген тәртіптегі жедел әскери қызметке шақырылу мерзімін ұзартуға;

– білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыстар ұсыну Ережелеріне сәйкес академиялық демалыс алуға;

– Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген тәртіпте, білім беру ұйымдарының типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және оқуға қайта алыну Ережелері негізінде оқуға қайта алынуына және бір оқу орнынан екінші оқу орнына, бір мамандықтан басқа мамандыққа немесе оқытудың бір нысанынан басқа нысанына ауысуына;

– сабақтан тыс уақытта спорт секцияларына қатысуға;

– колледждің шығармашыл ұжымының жұмысына қатысуға;

– клубтар жұмысына қатысуға;

– колледждің барлық іс-шараларына қатысуға;

– студенттердің сондай-ақ заңнамалармен бекітілген басқа да құқықтары бар.

2.8 Студенттер колледжде міндетті:

– таңдаған мамандығы бойынша кәсіптік білімді, практикалық дағдылар мен біліктерді жүйелі және терең меңгеруге;

– оқу жоспары мен оқыту бағдарламаларында қарастырылған білімнің барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;

– тәртіпті болуға, колледж Жарғысын, осы Ережелерді қадағалауға;

– жалпы мәдениетін, ізгіліктік қасиеттерді және дене шынығуын жетілдіруге үнемі талпынып отыруға;

– колледж қызметкерлерінің ар-намысын қадірлеуге;

– өзін еңбекқор болуға тәрбиелеуге, колледжде және практика базаларында өзіне-өзі қызмет ету ісіне белсенділікпен қатысуға, бекітілген жұмыс тәртібін қадағалауға;

– оқу сабақтарына қатысуға және сабаққа оқу сабақтары басталуға дейін 10 минут қалғанда келуге;

– колледж бойынша кезекшілікке қатысуға және тәртіпті сақтауға;

– қоғамдық-пайдалы жұмысқа қатысуға;

– мемлекеттік меншікті қорғауға және нығайтуға;

– қоғамға қарсы түрлі көріністерге төзбеуге, колледждің қоғамдық өміріне қатысуға, болашақ кәсібінің беделі мен атағын қолдауға;

– адамдарға мейірбандылық, қайрымдылық, аяушылық көрсетуге, дөрекілік, қаталдық, өрескелдік көріністерді болдырмауға;

– оқытушы аудиторияға кірген кезде орыннан тұрып онымен сәлемдесуге;

– оқу сабақтары кезінде оқытушылардың түсіндірмелері мен жолдас-тарының жауаптарын мұқият тыңдауға, бөгде істермен айналыспауға және сөйлеспеуге, оқытушының барлық нұсқауларын орындауға;

– сұрақтар қою және жауап беру кезінде орнынан тұруға және оқытушы рұқсат еткенде ғана отыруға;

– оқу сабақтары кезінде оқытушының рұқсатымен ғана аудиторияға кіруге және шығуға;

– зертханалардағы, клиникалардағы, кабинеттердегі оқу сабақтары кезінде және өндірістік практика кезінде студент тек қана оқу сабақтарының жетекшісімен көрсетілген аспаптарды және басқа да құралдарды қолдануы, оларды мұқият ұстап, қауіпсіздік техникасын қадағалауы қажет;

– сабақ босату себептеріне қарамастан студент біліміндегі кемшілік-терді жоюға міндетті;

– оқу сабақтарына ауырып қалуына байланысты және басқа да дәлелді себептермен келмеген кезде студент ол туралы директордың оқу жұмысы бойынша орынбасарына, бөлімше меңгерушісіне немесе сынып жетекшісіне мәлімдеуі қажет;

– ауырып қалған жағдайда студент емдеу-сауықтыру ұйымдарынан бекітілген нысандағы анықтама ұсынуы қажет;

– дәлелсіз себептермен оқу сабақтарын босатқан жағдайда студент біліміндегі кемістіктерді ақылы білім беру қызметін ұсыну туралы Ережеге сәйкес қосымша сабақтарға, консультацияларға қатысуы арқылы жоюға міндетті;

– оқу үрдісі уақытында іскери ахуал жасау және санитарлық-гигиеналық нормаларды қадағалау, эстетикалық таңдама, киім кию мәдениетін тәрбиелеу, медициналық кәсіпке деген сүйіспеншілік пен құрметті дарыту, студенттер арасындағы әлеуметтік, басымдылық пен діни айырмашылық белгілерді жою, құрбылары алдында болатын психологиялық жайсыздықтан сақтандыру үшін сыртқы пішінге қойылатын бірыңғай талаптарды қадағалауға:

  • медициналық халат (таза, жақсы үтіктелген, барлық түймелерімен түймеленген және ұзындығы тізеден жоғары болмау, ауа райына қарай халат жеңдері шынтақтан қолдың білезік тұсына дейін түріледі),
  • медициналық қалпақ (практикалық сабақтарда),
  • маусым бойынша ауысымдық аяқ киім,
  • оқу сабақтарында шаш жинақы таралған болуы қажет (тарқатылған шашпен жүруге болмайды),
  • тырнақтар қырқылған (тырнаққа ашық түсті лак жақпау),
  • спорт киімі (футболка, спорт шорты, спорт шалбары, спорт костюмы, кеды немесе кроссовкалар) ауа райы мен дене шынықтыру сабақтарын өткізу орнына және спорт мерекелері мен жарыстарына сәйкес болуы қажет.

2.9 Әр топқа директордың бұйрығымен үлгерімі жақсы және тәртіпті студенттер арасынан оқу жылына староста тағайындалады;

2.10 топ старостасы сынып жетекшісінің басшылық етуімен жұмыс жасайды;

2.11 топ старостасының міндеттеріне топта тәртіпті қадағалау, студент-тер арасында оқулықтар мен оқу құралдарын мезгілінде алу және тарату, сынып жетекшісіне қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге көмектесу жатады;

2.12 топ старостасы күн сайын топ бойынша кезектесу тәрбімен кезекші тағайындайды. Топ бойынша кезекшіге тәртіптілікті, мүліктің сақталуын және санитарлық-гигиеналық режимнің қадағалануын , оқу сабақтарынан кейін кабинеттер мен зертханаларға ылғалды жуып-тазалау жұмыстарының жүргізілу бақылау, оқу сабақтары басталарға дейін қажетті көмекші материалдар мен көрнекі құралдарды қамтамасыз ету, сабақтан соң оларды кабинет меңгерушісіне немесе зертханашыға мезгілінде тапсыру міндеті жүктеледі.

2.13 Студенттерге колледжде рұқсат етілмейді:

– студенттік билетті басқа адамға беруге;

– колледж үй-жайларында, аумағында, оқу корпустары ғимаратына жақын жерлерде темекі шегуге;

– спирттік ішімдіктер ішуге, есірткілік және уытты заттарды қолдануға, сондай-ақ оларды таратуға;

– оқу сабақтары кезінде шайнау резеңкелерін қолдануға;

– аудиториялардан оқу журналдарын өз еркімен алуға және шығаруға;

– оқу сабақтары кезінде колледж ғимараты қабаттарында сыртқы киіммен және бас киіммен жүруге;

– балағат сөздер айтуға;

– діни конфессияларға, жастар субкультурасына, қозғалыстар мен бейресми бірлестіктерге жататындығын көрсететін киімдер мен аксессуарларын, спорт киімдерін киюге (арнайы сабақтардан басқа);

– іш киім стиліндегі киімдерді, ашық-айқын көйлектер, юбкалар мен кеудешелер, оның ішінде ашық-айқын қойылмасы бар киімдерді, жағасы кең ойылған көйлектер мен кеудешелер, іш пен арқа бөлігін ашып көрсететін кешкі киімдер, кеудешелер, үшкір биік тақалы аяқ киім, жағажай жеңіл аяқ киімін, үлкен сырғалар, білезіктер, сәнді түйреуіштер, алқалар, сақиналар, мойын тізбегі, пирсинг, бейресми жастар бірлестігі қауымдастығының белгілерін және психоактивті зарттар мен заңға қайшы келетін мінездерді насихаттайтын киімдер киюге.

3 Оқудағы жетістіктері үшін көтермелеу

3.1 Үздік үлгерімі мен қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін студенттерге моральдық және материалдық түрлі сыйақылар белгіленеді:

– алғыс хабарлау

– Құрмет Грамотасымен марапаттау

– құнды сыйлықтармен марапаттау.

Оқу және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жазалау шаралары

4.1 Оқу және еңбек тәртібін, колледж Жарғысын, студенттерге арналған осы Ережелерді бұзғаны үшін студенттерге келесі тәртіптік жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:

– ескертпе ( оқытушымен, сынып жетекшісімен, әкімшілікпен ауызша түрде жасалынады);

– ескерту ( жазбаша түрде жарияланады);

– сөгіс;

– қатаң сөгіс, колледж Жарғысын екінші рет дөрекі түрде бұзғаны үшін оқу орнынан шығарылатыны туралы ескертпесімен.