Психологтың кеңестері

Емтиханды қалай табысты тапсыруға болады?

Жабығу жағдайына ұшырамау үшін психологиялық қорғанысты қабылдау

  • Емтихан – жай ғана білімді тексеру ғана емес, жабығу жағдайындағы білімді тексеру болып табылады.
  • Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түседі.
  • Сондықтан емтиханға психологиялық дайындық қажет.
  • Ол өз кезегінде емтиханға дайындалу және тапсыруға адекватты қатынас үлгілерін жасайды.
  • Емтиханға дайындық кезінде өзіңізге сену керексіздер.
  • Өз күшіңізге сенімсіз болған сайын, үрейде артады.
  • Ол үрей сал болдырып, тіпті барлық әрекетті жоққа апарады.

 

  • Егер сіз ішіңізден: «Менің есте сақтау қабілетім нашар!», «Мен математикаға ж.б. пәндерге қабілетті емеспін!», «Мен бұл емтиханды ешқашан тапсыра алмаймын!», деп ойласаңыздар, сіздің жүйке орталығыңызға берген бұйрығыңыз әлсіз болады.

 

  • Таңғаларлық ештеңесі жоқ, барлығы тек еңбектің арқасы. Өзіңізді жаман бағалауды қойыңыз.

Дайындаған психолог: Ускенбаева М.А.