Ақпарат

2020-2021 оқу жылының түлектерінің

жұмысқа орналастыру бойынша ақпараты

КМҚК”Екібастұз медициналық колледжі”

 

Екібастұз медициналық колледжі түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмысына мониторинг жүргізу мәселелері бойынша түлектерді бітіргеннен кейінгі бірінші жылы қалалық жұмыспен қамту орталығымен байланыстыруды жүзеге асырады.

Түлектерді жұмысқа орналастыруға және уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында келесі қызмет бағыттарын белгілейді:

  • Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуын бақылау: түлектердің мәліметтер базасын құру, түлектердің кәсіби жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат жинау;
  • Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша міндеттерді шешу: кәсіпорындармен және басқа да жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау, қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау, мамандарды даярлау сапасы туралы ақпарат жинау;
  • Кәсіптік бағдар беру қызметі: студенттердің ақпараттық жәрмеңкелерге, бос орындар жәрмеңкелеріне және т. б. қатысуын ұйымдастыру.

        Түлектердің жұмысқа орналасуы туралы растау анықтамасын берген емдеу ұйымдарының кадр бөлімдерінің көмегімен жүргізіледі. Ағымдағы жылдың түлектерінің жалпы саны 81 адамды құрайды. Мамандығы “Мейіргер ісі” біліктілігі “Жалпы тәжірибиедегі мейіргер” бойынша 36 адам, ал мамандығы “Емдеу ісі” біліктілігі”Фельдшер”  бойынша 45 адамды құрайды. Оның ішінде 64 адам жұмысқа орналастырылды, бұл -79%, жұмыспен қамтылу көрсеткіші -99% құрайды.

 

Жұмысқа орналастырылды -64

Мамандықтар бойынша:

-«Емдеу ісі»- 34 (76%)

-«Мейіргер ісі»-30 (83%)

 

Жоғарғы оқу орнынға түскен түлектер -8 

Мамандықтар бойынша:

– «Мейіргер ісі » – 2

– «Емдеу ісі»- 6

 

Бала тууға байланысты демалыста -2

Мамандықтар бойынша:

-«Емдеу ісі»- 1

-«Мейіргер ісі»- 1

 

–  Денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа орналаспаған -1

Мамандықтар бойынша:

-«Емдеу ісі»- 1

-«Мейіргер ісі»- 0

 

Әскери қызметке шақырылған – 4  

Мамандықтар бойынша:

-«Емдеу ісі»- 2

-«Мейіргер ісі»- 2

 

Орта оқу орнына түсті ( колледжге) -2

Мамандықтар бойынша:

-«Емдеу ісі»- 1

-«Мейіргер ісі»- 1