Итоги конкурса

ФИО Акбота Киясова Талгатовна Салима Ибрагим Ермекқызы Альмира Серикова Сериковна Айым Еркін Жайна Дуйсенова Едиловна Айман Сергазимова Арман кизи Нұрайлым Айткен Русланқызы Нурсулу Ермек Замира Төлеутай Талғатқызы Ботагөз Нұрбекқызы Дәурен Әлназар Қанатбеқұлы Шахноза Абдураимова Эргаштаевна Айнур

2022 жылдың 26 сәуірінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің базасында «Инфекциялық бақылау. Инфекциялық қауіпсіздік» тақырыбына 2 курс студенттері –Баграмова Айгерим (2б тобы), Ермекбай Ақмарал (2а тобы) қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті: 1 кезең. Үй тапсырмасы «Жұмыс орнындағы медбикенің қауіпсіздігі» бейнеролигі 2 кезең. Қатысушылардың олимпиаданың жазбаша алынған тапсырмаларын орындауы: • Медициналық ұйымдарда қолданылатын қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша терминдердің глоссарийін жасау. • «Жалпы тап» логикалық интеллектуалдық тапсырма. • Проблемалық-ситуациялық есептерді шешу. • «Медициналық ұйымдарда қолданылатын дезинфектанттар» тақырыбында жарнамалық постер жасау. Олимпиадаға барлығы 56 адам қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 2 орын – Баграмова Айгерим (жетекшісі – Сламбекова М.Ж.) мен Ермекбай Ақмарал (жетекшісі – Каниева А. А., Толыкбаева А. С.). Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

Қазақстан- біздің ортақ үйіміз 2022 жылдың 28 сәуір күні колледждің мәжіліс залында 1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан- біздің ортақ үйіміз» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Әдеби кешке колледж оқытушылары мен колледж студенттері шақырылды. Қазақ, орыс, өзбек, татар және қырғыз халықтарының ұлттық билерін билеп, өлең-шумақтарын оқып, әндер айтылды.

 

2022 жылдың 27 сәуірінде Павлодар жоғары медициналық колледжінің базасында Павлодар облысының, ТМД елдеріжәнеҚазақстан Республикасы медициналық колледждерінің студенттеріне арналған халықаралық қатысумен «Халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты: медицина саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыру және медицина мамандарын даярлау сапасын арттыру және 21 ғасыр медицинасындағы инновациялық технологияларды зерттеу және пайдалану бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлу. Конференцияға «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 2-курс студенттері А.Боль, В.Браун, В.Грязных, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша –А.Баграмова, Д.Коккозова, А. Хасеновжәне «Мейіргер ісі» 1 курс студенттері –А. Амангелдиева, М.Охтенко Конференция жеңімпаздары: №1 бөлім. «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ»: Боль Артур (3-дәрежелі диплом) (жетекшісі – Окатаева Б.Ж.) №2 бөлім. «МЕДИЦИНАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»: Грязных Вероника (2-дәрежелі диплом) (жетекшісі -Сламбекова М.Ж.) №5. «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»: Амангелдиева Айман (3-дәрежелі диплом) (жетекшісі – Окатаева Б.Ж.) Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Әрі қарай да көп жетістіктер тілейміз!

Екібастұз қалалық сотының судьясы Бейілғожин Рауан Қуанышбекұлымен колледж студенттері арасында кездесу ұйымдастырылды 2022 жылдың 26 сәуірінде Екібастұз қалалық сотының судьясы Бейілғожин Рауан Қуанышбекұлымен колледж студенттері арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде құқықтық тақырыпта, сондай- ақ, «Неке және отбасы», «Медиация» тақырыптарында студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттерге сұрақтар қойып, жауап алды. Студенттердің сұрақтарына жауап берді.

29 наурызда Vll көптілді олимпиадасына облыс колледжінің тілдік емес мамандықтарының 32 студенті қатысты. Олимпиада 2 турдан тұрды: қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша тестілеу, сондай-ақ ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу. Біздің колледжден “Мейіргер ісі” мамандығының 1 курс студенті Борецкий Никита қатысты . Никита қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды

2022 жылдың 17 ақпан күні колледждің мәжіліс залында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тимиргалиева И.А. және Павлодар облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының психологі Куликова А.А. 1-2 курс студенттерімен “Есірткіні тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты: жастарды есіртке бизнесіне қарсы күрес шараларымен таныстыру, заңнама нормалары мен сауаттылығымен құқықтық мәдениетімен таныстыру. Аталған тақырыпта бейнеролик пен презентация көрсетілді.