Жалпы білім беру пәндер ӘЦК-ның пән апталығы өткізілуде. Қоғамдық пәндер оқытушысы А.Е. Рахметова мен физика және информатика пәндер оқытушысы Г. Тишханбайдың ұйымдастыруымен ақпан айының 21 күні 15.40сағ. №34 аудиторияда 1 «а», 1 «ә» «Мейіргер ісі» және 1 «в» «Емдеу ісі» топтарының арасында «Ел ертеңі- білімді ұрпақ» атты тақырыпта интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа үш топ қатысты, Сайыстың мақсаты: Оқушылардың Қазақстан тарихы, физика және информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың пәндерден алған білімдерін бақылап, шындау. Сайыс 5 кезеңнен тұрады: «Сәттілік кезең», «Шешімін тап!», «Ғажайып алаң», «Байқағыштығыңды байқат!», «Ақпаратты өңдеу». Сайысқа колледж оқытушыларымен студенттер арасынан әділ қазылар алқасы сайлап алынды. Нәтижесінде І- орынды 1 «а» тобы «Самұрық» , ІІ- орынды 1 «ә» тобы «Инновация», ІІІ- орынды 1 «в» тобы «Болашақ» командалары иеленіп, мадақтамалармен марапатталды. Оқушылар сайысқа белсенді қатысып, жақсы көңіл -күймен тарқасты.