Колледж тарихы

1976 жылы Екібастұз қаласында «Мейірбике» және «Акушерия» мамандықтары бойынша  медицина училищесі құрылды. Білім ордасының тұңғыш директоры болып терапевт-дәрігер Е.К.Ержанов тағайындалды. Оның басқаруымен училище ұжымы, материалдық базасы қалыптасты.

1969-1975 жылдар аралығында Павлодар медициналық училищесінің Екібастұздағы филиалын Бай-Юн-Куй Герман Степанович басқарды. Герман Степанович Семей медициналық институтының түлегі, «КСРО Денсаулық сақтау үздігі».

1976 жылдан жеке медициналық училище болып құрылды.

1987-2013 жылдарға дейінгі аралықта колледж директоры болып  Т.Ж. Ауталипов аянбай еңбек етті. Осы уақыт аралығында айтарлықтай өзгерістер болды. Училище «Емдеу ісі» мамандығын дайындауға лицензия алды және 1991 жылы  орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бөлімі ашылды.  Мемлекеттік тілде білім алатын топтар ашылды.

1996 жылы аталмыш училище медициналық колледж болып қайта құрылды. Колледждің мекен-жайы өзгертіліп, материалдық базасы жақсартылды.

Колледж кітапханасы үш тілді бағытты ұстанады. Мемлекеттік тіл, ағылшын тілі, орыс тілдерінде  көркем әдебиеттер, оқулықтар, әдістемелік құралдар, мамандыққа қатысты оқулықтармен және мерзімді баспасөз басылымдарымен толықтырылып отырылады. Заманауи талаптарға сай жабдықталған кабинеттер сапалы білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Жаңа компьютерлермен жабдықталған информатика кабинеті, оқытушылар мен студенттерге  арналған жаттықтыру залы сауықтыру мақсатында жұмыс атқаруда.

Ұжымымызда екі «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» еңбек етуде (Ауталипов Т.Ж., Валяр В.В.). Үш оқытушы Павлодар облыстық Білім департаменті және Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Бюджетке салық төлеу статистикалық мәліметтер бойынша саралау нәтижелері негізінде колледж «2015 Сала көшбасшысы» аталып, марапатталды.

Ғимараттың жалпы көлемі 3210 шм., оның 1753,7 шм. көлемі оқу үшін жабдықталған, ол – 1 оқушыға шаққанда 9 шм.-ға  тең. Жатақханасы жоқ. Ыстық тамақ 20 орынға арналған буфетте әзірленеді. Колледжде 25 кабинет, 4 лаборатория, 3 клиникаалды, 3 дербес тәжірибелік базасы бар  кабинеттер толық жұмыс істейді. Оқу жоспарына сай жалпы білім беру бағытында да барлық кабинеттер ашық. Ғаламторға шығу мүмкіндігі бар бір компьютерлік кабинет жұмыс істейді.

Колледждің кітапхана қоры 16491 кітапты құрайды: оның ішінде оқулықтар -7829, қазақ тілінде -3724, оқу-әдістемелік оқулықтар -6417, электрондық оқулықтар саны-141. Барлық пәндерге арналған оқу-әдістемелік құралдар, тест жинағы, ситуациялық тапсырмалар, медиатека кітапхана қорында үнемі жаңартылып отырады.